Ақсу ауданында ауылшаруашылығын дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қант қызылшасын өсіруді оңтайландырып, өнімділікті арттыруға айырықша көңіл бөлініп отыр.
Бүгін Б.Сырттанов ауылында «Әлихан» шаруа қожалығында «Тәтті түбір – және оны өсіру техналогиясы мен аталған дақылды зиянды организмдерден қорғау схемасы» тақырыбында Дала күні өтті. Айтулы шара «Август — Қазақстан» ЖШС ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
Шаруаларға қатысты арнайы ұйымдастырылған шараға қатысқан Жетісу облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Кенебаев Нұрдәулет Сағадиұлы Жетісу облысында шаруаларды қолдауға баса көңіл бөлінуде, осы жылы облыс әкімдігінің қолдауымен шаруаларға арзандатылған дизель отынын, қант қызылшасының тұқымын алуға көмек көрсетіліп, қант зауыты тарапынан көктемгі дала жұмыстарына гектарына 100 мың теңгеден қаражат берілді.
Ұйымдастырушылар «Август — Қазақстан» ЖШС «Әлихан» шаруа қожалығындағы қант қызылшасы алқабында өз өнімдерімен жүргізген тәжірибелерімен бөлісіп, алқабқа қолданылып жатқан препараттардың нәтижелеріне тоқталды. Арнайы мамандар тәтті түбірді өсіру кезінде қанша тыңайтқыш қолдану керектігі, қай кезеңде қандай препарат шашу қажеттігі жайлы ақпарат берді.
Сонымен қатар шара барысында «Август — Қазақстан» ЖШС серіктестері «CT AGRO» өкілдері өз техникаларынан көрме қойды. Қант қызылшасын өсіруде қолданылатын жаңа агрегаттар шаруаларға таныстырлып, жаңа технологияның мүмкіндіктері көрсетілді.
Айта кету керек биылғы жылы Ақсу ауданында 1200 гектар тәтті түбір егілді.
Мағжан ШЫНДӘУЛЕТ,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.