АУЫЛ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

«Ауыл» партиясынан кандидаттар жастармен кездесті. Кандидаттар кездесуге келгендерге «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасын жан жақты түсісіндіріп, үгіт — насихат жұмысын жүргізді. «Әлемде азық-түлік дағдарысы күшейіп келеді. Бұл Қазақстанның өз халқын жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарықтарға экспорттаушы жетекші ел болуына да зор мүмкіндіктер аша- ды. Бүгінде жастар «ауыл» сөзін келешексіз, қалыпты өмір сүруге мүмкіндігі жоқ жермен байланысты- рады. Бұл тіптен теріс ұғым. «Ауыл» партиясы елді аграрлық державаға айналдыруды көздейді. Ол үшін өңірлерде жұмыс істеуге және агробизнестің жаңа түрлерін біріктіруге дайын жаңа, білімді жастар қажет. Саладағы мамандар білікітілігіне ерекше назар аударатын кез келді. Өндіріс ошақтарына заманауи технологияларды енгізе алатын жоғары деңгейлі қызметкерлер керек. Осылайша ғана оңтайлы нәтижеге қол жеткізе аламыз. Біз Мәжіліске барғанда «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына өзгерістер енгізуді қолға аламыз. «Ауыл» партиясының негізгі бағыты – ауылшаруашылығы саласының қарыштап дамуын қамтамасыз етіп, ауылдардың өркендеуіне үлес қосу. Бұл сіздердің, жастардың қатысуымен, қолдауымен жүзеге асатын жұмыс», – деді жастар алдында сөз алған мәжіліс депутаттығына кандидат, экономика ғылымдарынң докторы Қайрат Айтуғанов.

Мәліметпен бөлісу: