«Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабы үгіт-насихат жұмыстарының он күндігін қорытындылады. Бүгінге дейін елімізде халықпен 3 250 кездесу ұйымдастырылған. Оларға 15 мыңнан астам сайлаушы қатысыпты.
Айтуларынша, республикалық маңызы бар қалалар мен барлық аймақтағы өңірлік штабтар кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Іс-шараларға білікті мамандар мен волонтерлер тартылған. Үгіт-насихат материалдары жеткілікті. Жұмыс заң шеңберінде жүзеге асырылып жатыр, — дейді штаб басшылығы. Қайрат Айтбай, «Байтақ» жасылдар партиясы республикалық штабының басшысы: — Халық арасында бағдарламамызды көрсете отыра, біз, мүмкіндігінше үгіт-насихат жұмысының соңына дейін Қазақстанның бар өңірінде әр топтың сайлаушыларымен кездесуді мақсат етіп отырмыз — деді.
«BAYTAQ» Жасылдар партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Серік Гусманның пікірінше, бұрын алдымен экономика болса, қазір экология мәселесі алға шықты.
1. Өндіріс кәсіпорындарында заманауи жаңа технологияларды енгізу.
2. Арал теңізі суының тартылуынан экологияға тигізген әсерін ұсытпай, өткеннен сабақ алу.
3. Тұрмыстық қатты қалдықтар проблемасын шешу.
4. Өндірістік қалдықтар және плас-тикалық пакеттерден төнетін қауіп, қоршаған ортаның ластауына жол бермеу.
5. Каспий теңізінің тартылуы алаң-даушылық туғызады.
6. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
7. «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын қалпына келтіру жұмыстарын қолға алу.
Серік Гусманның пікірінше осы мәселелер басты назарда болуы тиіс.