ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҚҰҚЫ ТЕҢ БОЛУЫ ТИІС

Діні мен ұлтына қарамастан барлық азаматтар тең құқыққа ие болуы ке­рек. «Халық микрофоны» жобасын­да ұлтаралық келісім мәселелері талқыланды.

Хабардың қонағы: ҚХА төрағасының орынбасары, қазақ татарлар мен башқұрттар съезі басқармасының төрағасы, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Тауфик Кари­мов.

Хабарға қатысқан спикер Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

– Қазақстан халқының бірлігі тура­лы партияның ұстанымын білдірді. «Қазақстанның барлық азаматтары жынысына, дініне, бизнесіне және басқарушы элитамен байланысына қарамастан тең құқыққа ие болуы керек», – деді ол.

Сондай-ақ, Т.Каримов мемлекеттік реформалар жайында да сөз қозғады. Оның пікірінше, әкімдерді халық сай­лап, өз міндетін дұрыс атқармағандарды кері қайтару керек. Бұл судьяларға да қатысты. ҚХП сот билігінің тәуелсіздігін жақтайды.

– Билік – халықтың қолында болуы тиіс. Яғни, скандинавиялық тәжірибе негізінде капитализм мен социализмнің жақсы тұстарын алу керек, – дейді спи­кер. Тауфик Каримов ҚХА кешенді ре­формалау бойынша жұмыс істеліп жатқандығын айтты. Ақиқатында, қазіргі уақытта этномәдени орталықтар өз есебінен үлкен жұмыс істеп, қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыруда. Ал керісінше, конфессияаралық келісімді насихат­тауда бюджет есебінен «күн көріп», түк бітірмейтін мемлекеттік құрылымдар бар.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар мұқтаж жандарға өздерінің жарна­масы үшін көмектесетін қайырымды жандар бар деген ортақ пікір білдірді. Бұл қайырымдылық қағидасы көлеңке түсіреді.

Эфир барысында спикерлер 1 наурыз­да атап өтілетін Алғыс айту күні, оның маңызы туралы әңгіме өрбітті.

Мәліметпен бөлісу: