Жалпыұлттық социал — демократиялық партия (ЖСДП) барлық қазақстандар үшін тегін жоғары білім енгізуді ұсынады. Бұл білімді азаматтарымыздың шетел асуына кедергі болып, кәсіби мамандардың тапшылығына қатысты мәселені шешуге септігін тигізеді.
Күні кеше ЖСДП ұйымдастыруымен өткен «Білім беру жүйесіндегі мәселелер жөнінде» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, ЖСДП Жастар қанаты жетекшісі Мақсұт Насибулов:
«Кейде біздің үкімет басқа әлемде өмір сүріп жатыр ма деп ойлап қаласың. Билік басындағылардың көші-қон саясаты концепциясын қарастырып, қазақстандық азаматтықты алғысы келетін шетелдіктер үшін шектеулер енгізгенін басқаша қалай түсіндіруге болады? Үкіметтегілердің ойынша, шетелдіктер біздің елде тұруды армандайды-мыс. Бір жағынан, тапшы мамандықтар бойынша 500 үздік маманды елімізге тарту жөнінде ойланғаны да бар. Өзіміздің азаматтарымыз шетел асып жатқанда, шетелдіктер бізге расымен пайдалы бола ала ма?»,-деп мәселе көтерді.
Статистикаға сүйенер болсақ, жыл сайын қазақстандық мектептерден түлеп ұшатын оқушылардың 60 мыңы шетелге оқуға түседі. Оған бірнеше себеп бар: білім сапасына кері әсерін тигізетін орта және жоғары білім беру мекемелеріндегі жемқорлық және ҚР-дағы тым қымбат білім ақысы. Шетелдік жоғары оқу орындарындағы білім біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда арзан.
«Білім беру мекемелерінде емтиханды сатып алу тәжірибесі кеңінен таралғандығы жасырын емес. Мұның бәрі мемлекеттік экономикамыздың ақсаңдауына әкеп соқтырады.