Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады

Президент халықтың сайлау науқанына деген қызығушылығы төмен екенін, депутаттарды танымайтынын айтты. Сондықтан да аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды. Бұл барлық азаматтың құқығын толығымен сақтайды. Бұдан былай Мәжілістің депутаттық корпусы мынадай схема бойынша құрылмақ: 70% пропорционалды және 30% мажоритарлық негізде. Сонымен қатар, аралас модель облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауына да енгізілмек. Бұнда депутаттардың жартысы бір мандаттық округтардан, қалған жартысы партиялық тізім бойынша сайланады. Ал аудандар мен қалалардағы мәслихат сайлауын Президент толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынды.

Мәліметпен бөлісу: