Мемлекет басшысы өз Жолдауында Ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мақсатында елімізде Конституциялық сот құруды ұсынған еді. Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болмақ. Сондай-ақ бұл институционалдық тұрғыдан тепе-теңдікті сақтауға ықпал етіп, азаматтардың конституциялық құқығының қорғалуын жақсарта түспек. Конституциялық сот 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз қызметін бастады.