МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Мемлекеттік қызмет — халықтың сенімін ақтау, ел абыройын асқақтатып, мәртебесін көтеру. Әрбір өркениет жолына қадам басқан мемлекеттің ең басты тірегі мемлекеттік қызметкер екені анық. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеру адал қызмет ету — әр бір мемлекеттік қызметкер үшін — мәртебелі міндет.
Осыған орай Ақсу ауданы әкімдігінің аппараты бүгін төл мерекені үлкен көлемде атап өтті. Салтанатты шараға аудан активтері, округ әкімдері, бөлім басшылары, мемлекеттік қызметкерлер және ардагер қызметкерлер мен БАҚ өкілдері түгелдей қатыстырылды. Мерекелік жиын алдымен мемлекеттік әнұранмен басталды. Ақсу ауданының әкімі Әділбек Егеубекұлы Далбағаев мемлекеттік қызметкерлердің төл мерекелеріне арнап жылы лебізін білдіріп, еңбегі еленген қызметкерлерді мерекелік марапаттармен құттықтап және арнайы сыйлықтар табыс етті.

 

Айта кетейік, мемлекеттің айнасы болған қызметкерлердің салтанатты мерекесінде облыстық марапаттың қатарында аудандық қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Шынасилова Саягуль Шынасилқызы арнайы мерекелік грамотамен марапатталды . Еңбегі еленіп ескерілгендердің қатарында ардагер ауданның мақтанышы болған зейнеткер мемлекеттік қызметкерлерге де ерекше сый-сыяпат жасалды.

Мәліметпен бөлісу: