Екі медициналық мекеме пайдалануға берілді

Ауданымызда Жаңа жыл қарсаңында бірден екі медициналық мекеме пайдалануға берілді.

Ақсу ауданының Сағабүйен ауылында дәрігерлік амбула­тория, ал, Көкөзек ауылын­да заманауи блок-модульді медициналық пункт ауыл тұрғындарын қабылдай бастады.

Бұрын науқастарды тар және бейімделген ғимараттарда қабылдаған медицина қызметкерлері бұл жаңалыққа тұрғындармен бірге қуанды.

Көкөзек ауылындағы жаңа медициналық пунктте алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. Мұнда ем-дом көрсететін кабинет, егу және басқа да қажетті кабинеттер бар, ыстық және суық су, электр жылуымен қамтылған. Мұнда 760-тан астам тұрғын сапалы медициналық қызмет ала ала­ды.

Естеріңізге сала кетсек, блок- модульді типтегі медициналық пункттер ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арт­тыру мәселесін қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді. Осы әдіспен тұрғызылатын нысан­дар құрылыс жұмыстарының жылдамдығымен және сапа­сымен ерекшеленеді, сондай- ақ нысан құрылысының құны төмендеу болады. Осы типтегі нысандар жобалық — сметалық құжаттамаларды әзірлеуді қажет етпейді.

Сағабүйен ауылының 2000- ға жуық тұрғыны жаңа жыл қарасыңда жаңа медициналық амбулаторияға қол жеткізді. Оның құрылысы осы жылдың көктемінде басталған болатын. Амбулатория бір ауысымда 25 адамды қабылдауға арналған.

Аудан әкімінің орынбасары Ғазиз Есжанов атап өткендей, заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған жаңа әлеуметтік маңызы бар нысандардың ашылуының арқасында ауыл тұрғындары са­палы медициналық көмек ала алады.

Әкім орынбасары Қаракемер ауылында «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында тағы бір жаңа медициналық мекеменің құрылысы жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: