КІТАПХАНАШЫ — МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ
24 қазан — Кітапханашылар күніне орай Ақсу аудандық кітапханасында «Кітапханашы — мәртебелі мамандық» тақырыбында кітапханашылар күні аталып өтілді. «Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы Н.Н.Қасымбеков, аудандық кітапхана директоры Э.Ж.Дүйсекова кітапханашыларды кітапхана саласын дамытуда зор үлес қосқаны үшін құттықтап, бірнеше «Алғыс хаттармен» марапаттады.
Сондай-ақ, орталық кітапхана меңгерушісі Г.Тұрсынқызы және Көкөзек ауылдық кітапханасының кітапханашысы З.Бапышева облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет Грамотасымен» көп жылғы еңбектері еленіп, қоғамға қосқан үлестері үшін марапатталды.
Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, алдағы уақытта биік белестерден өтуге шығармашылық табыстар тілейміз!
Бүгін Қапал ауылдық округінде де Республика күніне орай мерекелік іс — шара өтті. Мерекелік шараға Қапал ауылдық округінің әкімі Жарылқасын Жалғас Жарасұлы қатысып, мерекемен құттықтады. Қапал ауылының әлеуметтік экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандарға «Алғыс хаттар» тапсырды.
Құрметті Қапал ауылының тұрғындары мейрам құтты болсын. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Гүлшат ТҰРСЫНҚЫЗЫ,
аудандық орталық кітапханасының бөлім меңгерушісі.
МӘРТ ЖІГІТТЕР ӨНЕРІ