Жетісу облысында жыл басынан бері 212 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 325 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 57-і қолданысқа берілген. 11 ай ішінде мемлекеттік бағдарламалардың барлық бағыттары бойынша 700 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның 517-сі көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасы.
Жалпы, өңірде жаңа ғимараттардың құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Ағымдағы жылы 16 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 3 810 орындық 12 мектеп бар. 6 мектеп бүгінгі күні ел игілігіне берілді.
Денсаулық сақтау саласында 2,3 млрд. теңгеге 6 объектінің құрылысы жүргізіліп, оның 3 аяқталды. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 600 млн. теңгеге 12 блокты-модульдік медициналық пункт орнатылды.