2025 жылға дейін 6 мын жаңа жұмыс орны құрылмақ

Жетісу облысында қолайлы инвестициялық ахуал құру және өңірдің іскерлік белсенділігін ынталандыру жұмысы қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгінде облыста 52 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді.

Айта кетерлігі 2025 жылға дейін 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін, 640 млрд.теңге қаражат көлемінде 177 жобаны қамтитын инвестициялық портфель қалыптастырылды. Сондай-ақ, жыл басынан жоспарланған 39 нысанның 31-і іске қосылып, 900 жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында 10 жыл жұмысы тоқтап тұрған «Kazsilicon» жоғары сапалы зауытын жаңғырту және іске қосу, сондай-ақ Текелі қаласындағы «Электромарганец» зауытының ашылуын айта кеткен жөн.

Мәліметпен бөлісу: