2018 жылдың 23 мамыр күні «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып отырған байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, тату-тәтті, тәрбиелі шаңырақ мүшелерін көпшілікке таныстыру. Ел ішінде ауылдастарының құрметіне бөленген, ардақты, берекелі әулеттер, өнегесі мол отбасылар баршылық. Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаған Ж. Омар жүлдегерлерді марапаттап, сый-сияпаттар тапсырды.

Ақсу ауданының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен сәуір айының 11-ші жұлдызынан бастау алған қабылдаудан аудан көлемінен 8 отбасы қатысып, 4-і іріктеліп, облыстық байқауға жіберілді. Солардың ішінен 2 отбасы облыстық кезеңге өтті. Атап айтсам: Құрмановтар отбасы — спорт пен салауатты өмір салтын қатар ұстанған әулет болса, ал екіншісі Жұматаевтар отбасы- кәсіпкерлік пен парасатты өмір салтын қатар ұстанған әулет. Жалпы, байқаудың алғашқы кезеңінде Алматы облысы бойынша 290 отбасы қатысса, солардың 38-і қазылар алқасының жоғары бағасын алып, облыстық байқауға жолдама алған. Жыл отбасы атағына көп балалы отбасылар, еңбек, спорт әулеттері, шығармашылық отбасылар, дәрігерлер, мұғалімдер әулеттері және басқа да үлгілі шаңырақтар үміткер болды.

Мәліметпен бөлісу: