Бүгінде «Қарашілік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде заңды және жеке тұлғаларға 5 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілуде. Атап айтқанда: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекетік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін бөліп төлеуге сату». Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда. Қарашілік ауылдық округіне қарасты Сағабүйен, Сағакүрес және Қарашілік елді мекендеріндегі мемлекеттік мекемелерінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» өз жұмыстарын жалғастыруда. Жоғарыда көрсетілген «Egov.kz» «License.kz» электронды веб-порталдары арқылы алатын мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, жақын арада орналасқан мемлекеттік мекемелерінен алуларыңызға болады. Ол үшін электронды-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) оқу үшін компьютерлерде «card reader» орнатылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарынан виртуалды көмекшінің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға, азаматтардың мобильді базасында тіркелуге және арыз-шағым, ұсыныс, пікірлеріңізді білдірсеңіздер болады. Егер портал қызметі бойынша сұрақтар туындайтын болса, қызмет алушы 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің кеңесін ала алады.
«ҚАРАШІЛІК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.