Ағымдағы жылдың 7 айында МӘМС шамамен 7,5 млн медициналық қызметті қаржыландырды


Қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде қолжетімді болатын медициналық қызметтерді ала алады. 2022 жылдың 7 айында Алматы және Жетісу облысы бойынша салалық мамандардың 7,5 млн кеңесі мен диагностикалық тексерулер, соның ішінде қымбат тексерулер – КТ, МРТ, ПЭТ көрсетілді.
«3 жыл бұрын мұндай қымбат диагностика азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін көрсетілді және оны ұсынатын медициналық ұйымдар санаулы болды. Жеке меншік клиникалар заманауи жабдықтарға, сервистік бөлікке инвестициялар сала отырып, медициналық қызметтер тізбесін белсенді түрде кеңейтуде», – деді Қордың Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев.
Биыл өңірде жоғары технологиялық көмек көрсету көлемі де артқан. Атап айтсақ, облыс бойынша осы жылдың 7 айында 298 қымбат операциялар жасалды.
Осылайша, МӘМС жүйесі медициналық қызметтердің кең тізбегін алуға барынша қолайлы жағдайлар жасайды. Енді медициналық көмекті тікелей ұйымдастыру, клиникалар ішіндегі табысты менеджмент, пациенттерді дұрыс бағыттау сынды сұрақтар бірінші орынға шығады.

Мәліметпен бөлісу: