Осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін салық төлеушілер бақылау – касса машиналарының бағдарламасын жаңартуы қажет!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының 1,2 тармақшаларына сәйкес 2022 жылғы тамыз айының 27 күні, сағат: 10.00-де Жансүгіров ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылының шығыс бөлігіндегі жаңа көшеге атау беру бойынша мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Егер 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде салық төлеушілер бақылау – касса машиналарының бағдарламасын жаңартпаса, фискалдық деректер опера­торлары ондай бақылау-касса машиналарына техникалық қолдау көрсетпейді. Бұл тура­лы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функция­сы бар бақылау-касса маши­наларын қолдану тәртібіне (Салық кодексінің 166-бабына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Осыған байланысты, «Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойын­ша» жұмыс тобы шеңберінде бақылау-касса машиналарының әзірлеушілерімен және фискалдық деректер опера­торларымен бірлесіп бақылау-касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар ту­ралы мәліметтерді беру бой­ынша оператордың серверіне деректерді берудің бірыңғай Хаттамасы жаңартылды және бекітілді.

Осы негізде модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (не­месе) беру функциясы бар бақылау-касса машинала­рын қолданатын БАРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде өздерінің жұмыс істеп тұрған бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 15 қыркүйектен бастап 2.0.2-тен басқа Хаттамаларға фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді! Осыған байланы­сты барлығына бақылау-касса машиналарын 2.0.2 хаттама нұсқасына дейін алдын ала жаңартуға кеңес береміз.

Салық кодексінің 171-ба­бына сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (не­месе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін қабылдау, сақтау бойынша қызметтер көрсетуді, сондай-ақ оларды салық орган­дарына беруді фискалдық де­ректер операторы жүргізеді.

«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес бақылау-касса машиналары фискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп ай­ырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптарға және сәйкестік нысанына, бақылау-касса машиналарының техникалық талаптарына сәйкес ақшалай есеп айырысулар ту­ралы мәліметтерді береді.

АҚСУ АУДАНЫНЫҢ КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ.

Мәліметпен бөлісу: