Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау барысында!

Ақсу ауданы бойынша ар­найы суға түсу орындары неме­се акваториялар белгіленбеген. Бірақта азаматтардың суға шо­мылу орындары жетерлік.

Айта кетсек, мыса­лы: (Көкөзек, Алтынарық, Қызылқайың су қоймалар мен Ақсу, Бүйен, Қызылағаш өзендері барлығы да қорғалмайтын су айдында­ры. Осыған байланысты Ақсу ТЖБ қызметкерлері демалыс және мерекелік күндерінде күшейтілген кестеде жұмыс істеуге көшті.

Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау, адамдардың қаза болуына жол бермеу және қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында Ақсу ауданы ТЖБ үгіт — наси­хаттау жұмыстары жүргізілуде. Аудандық Ішкі істер бөлімі, Ақсу ТЖБ қызметкелері және Ақсу ауданының «Жас Отан» Жастар қанатының волонтерлерімен бірлесіп, демалушылардың қоғамдық орындарда жүріс — тұрыс қағидаларын бұзуға жол бермеу, демалыс және мере­ке күндері рейдтер жүргізіліп, ескерту жадынамалар та­ратылуда. Аталмыш жұмыс жалғасуда.

Құрметті азаматтар! Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі су айдындары маңында, сондай-ақ, табиғатқа демалуға шыққанда өте мұқият болуларыңызды айырықша ескертеді. Естеріңізде болсын, қауіпсіздік қағидаларын бұзу қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне сақ болыңыздар!

Бақытжан ӘДІЛЖАНОВ,

Ақсу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау лейтенанты.

Мәліметпен бөлісу: