МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ

Қоғамда мүгедек жандарға қамқорлық жасауды әлеуметтік саладағы басты міндеттердің бірі ретінде үнемі айтып келеді. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де осы бағытта күнделікті қызметін жалғастырып, адам-дардың өздерін қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасауға ұмтылуда. Қоғамдағы осы топтағы адамдардың тіршілік ету сапасын жақсарту — мемлекеттік саясаттың ба­сым бағыттарының бірі болып белгіленуде. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республи­касы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес жеке оңалту бағдарламалары негізінде мүмкіншілігі шектеулі жандар сурдотехникалық, тифлотехникалық, протездік-ортопедиялық құралдармен, міндетті гигиеналық құрал-дармен, санаторлық — курорттық еммен, сондай-ақ жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Сурдотехникалық құралдар — есiту кемiстіктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалыққұралдар, оның iшiнде байланыс пен ақпарат берудi күшейтетін құралдар.

Тифлотехникалық құралдар — мүгедектердiң көру кемiстiгi нәтижесiнде жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталєан құралдар.

Протездік – ортопедтік құралдар — қол мен аяқты неме­се дененiң басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың не­месе денсаулықтың бұзылуы салдарынан организмнiң бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толты­ратын құралдар.

Міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиоло-гиялық қажеттiлiктер мен мұқтаждықтарды қанағат-тандыруға арналған құралдар және де олардың мүгедектерге мынадай түрлері берiледi: тiрек — қозғалыс аппаратының бұзылушылығы бар мүгедектерге жөргектер, несепжыныс жүйесiнің бұзылушылығы бар мүгедектерге несеп қабылдағыштар, iшек ауруы бар мүгедектерге нәжіс қабылдағыштар, сіңіргіш жайма (жаялық), стоманың маңайындағы теріні қорғайтын және тегістейтін герметикалық-паста, қорғаныш крем, абсорбациялық ұнтақ (пудра), иісті бейтараптандырғыш жыл сайын, санитарлық қондырғысы бар орындық, жуынатын және дәретхана бөлмесіне арналған ұстағыш — тұтқа 5 жыл мерзімге беріледі.

Арнаулы жүріп — тұру құралдары: арнаулы жүріп — тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп — тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi деп кресло — арбалар ұсынылады. Бөлмелiк кресло-арбалар мүгедектерге жетi жыл, серуендiк кресло — арбалар — төрт жыл пайдалану мерзiмiне берiледi.

Санаторий — курорттық ем­делумен қамтамасыз ету мүгедектер мен мүгедек балаларға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий — курорттық жолдама беру арқылы жүзеге асырыла­ды.

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері жүріп -тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламасына сәйкес көрсетіледі.

Ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері естімей-тіндігі бойынша мүгедектер үшін жылына отыз сағат жеке оңалту бағдарламасына сәйкес көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілген құралдарды және қызметтерді алу үшін құжаттарды ресімдеу бойынша «Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» келіп жүгінуге бола­ды.

К.БЕКИШОВА,

Ақсу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.

Мәліметпен бөлісу: