ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

Қазіргі таңда әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екендігі көпшілікке аян. Ғаламдық бұл қауіп-қатер қоғамға саяси, экономикалық, моралдық шығындар әкеліп, үрей тудыруда. Әсілі, терроризм қаупі XX ғасырдың 60 жылдарынан бастапкүшейе түсті. Әлемнің көптеген аймақтарында экстремистік топтар мен ұйымдар қанқұйлы терактілер жасау арқылы өз мақсаттарына қол жеткізгісі келді.

Экстремизм терминін қазақ тіліндегі мағынасын түсіндіріп кететін болсақ: Экстремизм латынның extremus – деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, ақырғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм. Terror – латын сөзі – қазақшаға аударғанда қорқыныш, үрей деген мағынаны білдіреді. Террорлық әрекеттің басты мақсаты қоғамда үрей, қорқыныш, әбігер туғызу, елдің тыныштығын бұзу, өзіне көпшіліктің наза рын аудару арқылы өздерін үлкен саяси күш ретінде таныту болып табылады. Жалпы діниэкстремизмнің қалай алдын аламыз. Біріншіден теріс діни ағымның, секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет.

Қызылағаш ауылдық модельді кітапханасында «Құқыз бұзушылық пен діни экстремизмнің алдын алу» атты тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым келіп отыр.

 «Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі. Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады».

С.ХАСАНОВА,

Қызылағаш ауылдық модельді кітапхана кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: