Діни — саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни — саяси экстремизм — діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс — қимыл. «Терроризм – адамзаттың қасіреті» атты Ақсу ауылдық кітапханасында дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында ауыл имамы оқушылар мен ата — аналарға тәлімтәрбие жайлы мағлұмат берді. Қатысушылар арасынан ата – аналарға сөз берілді. Шарада психолог маманы қатысушылардан психологиялық тест алды.
Қатысушылар тақырыпты өз бетінше меңгеріп, экстремизм мен терроризм туралы мәлімет алып, топта жұмыс жасап қабілеттері қалыптасты, БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, өмір қауіпсіздігіне жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерін қалыптастыра білді.
А.РАЙЫМҚҰЛОВА,
Ақсу ауылдық округінің кітапханашысы,
«Nur Otan» партия ұйымының мүшесі.