ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖОЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ ЖҮРІМБЕК СЫДЫҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА — 100 ЖЫЛ!

Ақсудан шыққан академик абыз атамыз Жүрімбек Сыдықов биыл 100 жасқа толғалы отыр. Бұл кісінің даналығы мен даралығын, білімділігі мен біліктілігін, атағын мен абыройын айта берсек, тереңдігі теңіздей, биіктігі таудай болып айтыла бермек, жазыла бермек. Жүрімбек атамыз 1922 жылы 22 қыркүйекте Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген.Руы-матай ішінде кенже оның ішінде ноғас руынан тарайды. Мен бұл кісімен 96 жасында Алматыға барып,қонақта болып көп тарихи дүние жазып алып едім. Бұл кісі Әбу Сыдық Егіз деген үш әкеден қалған екен. Өз әкесі Әбу ерте қайтыс болып, ортаншы әкесі Сыдық бағып алған. Әкелерінен жастай жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленгенін айтты. 1931 жылы Қазақ ССР-на еңбегі сіңген Мәкей Еркінбеков Қарағашта Маман мектебінде меңгеруші болған. Жүрімбек атамыз сол кісіден білім алып, тәрбиеленген адам. Мен сұхбаттасқанда өте сабаз, момын, терең білімді,ойшыл адам екенін ұқтым. Қойған сұрақтарыма байыппен қарап, аяғына дейін тыңдап болған соң,асықпай жауап берді. Отырған диванының арқасына бір — екі жастық сүйеп қойдым, 96 жас дегенде оңай емес екенін байқап отырдым. Сөз арасында шаршаңқырап қалады. Кішкене демалып қайта жалғастырады. Өткен өміріндегі тарихы сол қалпы есінде екен. Бір жерден шатаспай, нақты ай күні жылымен айтып беріп отырды. Мен бәрін видеоға жазып алдым. Енді ары қарай айтар болсақ, бұл кісі нақ бірі дана, шежіре адам екен. Ал, өмірі мен қызметі жайлы баяндайын.

1940-1944 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыста көрген қиындықтарының өзі бір бөлек. Ол газеттің келесі сандарында айтылады.

1944 — 1949. Қазақ тау-кен институтындағы геологиялық барлау факультетінің (қазіргі академик

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің студенті.

1949-1952. Қазақ ССР ҒА Геология ғылымдары институтының аспиранты және кіші ғылыми қызметкері.

1952. Геология-минералогиялық ғылымдары дәрежесі бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

1952 — 1954. Қазақ ССР ҒА Геология ғылымдары институтының кіші ғылыми қызметкері.

1954 — 1959. ССР ҒА Геология ғылымдары институтының аға ғылыми қызметкері.

1956. «Гидрогеология» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер атағы берілді.

1960 — 1965. Қазақ ССР ҒА Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының гидрохимия және суды тұщыландыру секторының меңгерушісі.

— Геология — минералогиялық ғылымдар дәрежесі бойынша докторлық диссертация қорғады.

— Қазақ ССР ҒА қайта құрылған Гидрогеология және гидрофизика институтының директорының орынбасары, сонымен қатар гидрогеохимия секторының меңгерушісі және институттың Ғылыми кеңесінің төрағасының орынбасары және «Гидрогеология және гидротермия» мәселелері бойынша ғылыми кеңес төрағаларының орынбасары болып бекітілді.

1967. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы ғылым мен техника жөніндегі мемлекеттік комитеттің «Су қорларын қорғау және кешенді пайдалану» мәселелері бойынша ғылыми кеңесінің мүшесі.

— Қазақ ССР ҒА Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты жанындағы докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі ғылыми кеңесінің мүшесі.

1968. «Гидрогеология» мамандығы бойынша профессор атағы берілді.

— КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы гидрометеорология қызметі Бас басқармасының қазақ гидрометрология ғылыми кеңесінің мүшесі.

1969. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіндегі география факультетінің кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі ғылыми кеңесінің мүшесі.

1970. Қазақ ССР ҒА корреспондентмүшесі болып сайланды. 1971. КСРО геологтарының Ұлттық комитеті гидрогеологиялық секциясының мүшесі етіп бекітті.

— КСРО Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысушы.

— Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциялық алқасының мүшесі.

1972. Қазақ ССР ҒА Әлем және Жер туралы ғылымдары бөлімінің академиксекретарының орынбасары.

1975. Қазақ ССР ҒА –сы редакциялықбаспа кеңесінің мүшесі.

1976 — 1990. Өзбек ССР Геология министрлігінің О.К.Ланге атындағы ГИДРОИНГЕО институтында докторлық диссертация қорғайтын мамандандырылған кеңестің мүшесі және Қаз КСР ҒА-сы У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және гидрофизика институтында докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғайтын мамандандырылған кеңес төрағасының орынбасары.

1977. Қазақстан Ленин комсомолының ЖОЛЫ ғылым, техника және өндіріс салаларындағы сыйлықтарын беру жөніндегі эксперттік комиссиясының мүшесі.

— Ғылым мен техника саласындағы Қазақ ССР Мемекеттік сыйлықтарын беру комитетінің геологиялық секциясының мүшесі.

— Қазақ ССР Геология министрлігіндегі Қазақ гидрогеология басқармасы ғылымитехникалық кеңесінің мүшесі.

1979. География және геология атаулары жөніндегі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің мекемеаралық республикалық комиссиясының мүшесі.

1980. «Кешенді карталар» атты еңбегі үшін ғылым және техника саласындағы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы берілді.

— КСРО ҒА Инженерлік геология және гидрогеология саласындағы ғылыми кеңесінің және оның Орта Азия мен Қазақстан бойынша аймақтық секциясының мүшесі.

1981. КСРО Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысты.

— Жер асты су қорларын зерттеуге арналған Халықаралық гидрогеолог- тар ассоциациясының симпозиумына қатысты.

1982. Ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізу жөніндегі Қазақ ҒА, ВАСХНИЛдың шығыс бөлімшесінің мекемеаралық ғылыми кеңесінің мүшесі.

1984. «Көп пішінді Жер қазынасы» деген кітабы үшін бүкілодақтық «Білім» қоғамының екінші сыйлығы берілді.

— КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалімен марапатталды.

— 27 — ші Халықаралық геологиялық конгрессіне баяндама жасай отырып қатысты (Мәскеу).

1985. «Европаның геотермиялық атласы» Халықаралық жобасын жасаушы советтік жұмысшы тобының мүшесі.

1988. Гидрогеологтардың Халықаралық ассоциациясының мүшесі.

1988-1994. Қазақ ССР ҒА Жер туралы ғылымдары бөлімінің академик-хатшысы және Академияның президиум мүшесі.

1989. Қазақ ССР ҒА-ның академигі болып сайланды.

— «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. Геология сериясы» журналының Бас редакторы.

1990. Арал мәселесіне арналған Халықаралық симпозиумға қатысты (Ну- кус).

1991. Қазақ КСР ҒА У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және гидрофизика институтындағы кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңес төрағасы.

— О.К. Ланге атындағы ГИДРОИНГЕО институтында докторлық диссертация қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңестің мүшесі.

— Арал мәселесі жөніндегі Халықаралық эксперттің мүшесі.

— «Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер» деген құрметті атақ берілді.

1992. «Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы Баяндамалары» журналы редколлегиясының мүшесі.

— Республика Жоғарғы Кеңесінің әлФараби атындағы қолдайтын «Дарынды жастар» республика қорының құрметті атағы берілді.

1993. Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлық берілді.

— Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбегі сіңген үшін зейнетақы тағайындалды.,

— Үрімші және Алматы қалаларында өткен Орталық Азия су ресурстары жөніндегі Халықаралық (Қазақстан – Қытай) симпозиумының ұйымдастырушысы.

— Талдықорған (кейіннен Алматы) облысы Ақсу ауданында Жансүгіров ауданындағы орта мектепке Ж. Сыдықовтың атағы берілді.

1994. «Қазақстан геологиясы» журналы редакция алқасының мүшесі.

— ҚР ҰҒА У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және гидрофизика институттың аға ғылыми қызметкері.

— ҚР ҰҒА У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және гидрофизика институтын докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі мамандандырылған кеңес мүшесі.

1995. Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесі жанындағы республикалық терминология комитетінің мүшесі.

— ҚР ҰҒА су ресурстары жөніндегі кешенді — ғылыми кеңестің төрағасы.

— ҚР ҰҒА-ның 50-жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі комиссияның мүшесі.

— М.Ахмедсафин атындағы гидрогеология және гидрофизика институттың кеңесшісі болып тағайындалды.

1996. Қазақ Республикасы Ғылым академиясы – Ғылым министрлігінің Жер туралы бөлімшесі академик — хатшысының орынбасары болып сайланды.

— Пекин қаласында өткізілген 30-шы халықаралық геология конгрессіне баяндамамен қатысты.

— «Алматы» энциклопедиясының Бас редакциясының мүшесі болып тағайындалды.

— Қазақ КСР-сы Ғылым министрлігі – Ғылым академиясының Жер туралы бөлімшесінің академигі Ш.Е.Есеновтың 70 жылдығын өткізу жөніндегі комиссияның орынбасары.

1997. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі.

1998. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің академигі Қ.И.Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі комиссияның мүшесі.

— Академик Қ.И.Сәтбаевтың ғылыми еңбектері жинағының редакция мүшесі.

— Қазақстан Республикасы ҒА президентінің академигі Қ.И. Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру жайындағы Білім және ғылым министрлігі комиссиясының мүшесі.

— ҚР үкіметінің жанындағы ғылым және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлық жөніндегі президиумының мүшесі.

1999. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жер және металлургия бөлімшесінің Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлықты беру жөніндегі Комиссия секциясының төрағасы.

2000. Қазақстан Республикасы үкіметінің жанындағы ғылым,техника және білім бағытындағы Мемлекеттік сыйлық комиссиясының мүшесі.

2001. Қазақстан Республикасы ҰҒА Гидрогеология және гидрофизика (кейіннен гидрогеология және геоэкология) институтының Бас ғылыми қызметкері болып тағайындалды.

2006. Алматы облысы Ақсу ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді.

Академик абыз атамыздың ғылым жолындағы өмірі осылай екен. Алдағы газетіміздің нөмірінде атамыздың өміріндегі қиын да қызықты кезеңдері жарияланатын болады. Сол жолғы барғанымда атамыз риза болып, ақ батасын берді. Мен де риза болып, қуанып шаңырағынан аттанып қайттым.

СҰХБАТТАСҚАН: Бекболат АТАМБАЕВ,

Қазақстан Республикасының «Құрметті азаматы», Ақсу ауданының айтыскер бас ақыны, Мәкейтанушы.

Мәліметпен бөлісу: