Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мақсаты — өздігінен жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды және басқа да біліктілігі жоқ тұлғаларды төмендегі үш бағыт бойынша міндеттерді шешу арқылы нәтижелі жұмыспен қамту:
Бірінші: Талап етілген мамандықтар және кәсіпкерлік негізі бойынша жаппай оқыту және дағдыландыру;
Екінші: Жаппай кәсіпкерлік үшін жағдай жасау;
Үшінші: Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және жұмылдырылған еңбекті қолдау арқылы нарықты дамыту.
Бағдарламаның мақсатты тобы – өздігінен жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және кәсіби біліктілігі жоқ тұлғалар.
Кәсіпкерлік негізде «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға 350 адам өтініш білдірді. Оқыту «Atameken Academy» он- лайн платформасы арқылы қашықтықтан жүзеге асырылды. Жыл басынан 140 адам жолданып, 135 адам сертификатта- рын қолдарына алды.
Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде осы жылы 200 айлық есептік көрсеткіш көлемі 583 400 теңгеден төмендегі ауылдық огругтерден Жансүгіров, Қапал, Қызылағаш, Матай, Ақсу, Қарасу, Суықсай, Қарашілік, Арасан, Сырттанов, Қаракөз, Есеболатов, Жаңалық, Көшкентал, Егінсу — 130 адам 75 млн. 842 мың теңге алды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражаты — қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында шағын несие 6% кепілдік қою арқылы 5 жыл мерзімге, ең жоғарғы соммасы 6 млн. теңгеге дейін беріледі. Осы жылы 110 адамға шағын несие алуға тиісті орынға жолдама беріліп, төмендегі ауылдық округтерден Жансүгіров, Қапал, Қызылағаш, Ақсу, Қарасу, Суықсай, Қарашілік, Сырттанов, Есеболатов, Көшкентал, Егінсу, Қаракөз — 80 адам 281 млн. 360 теңге алды. Қосымша 102 жаңа жұмыс орындары ашылды.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы елімізде жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, білімі жоқ адамдарды аз уақытта оқытып, кәсіп меңгеруіне бизнес жобаларын іске асыруға жол ашады.
Диас РАЙЫМҚҰЛОВ,
халықты жұмыспен қамту орталығының маманы, «Nur Otan» партиясының мүшесі.