Мамыр айында Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындарынан МӘМС қорына 3,1 млрд теңге түскен

2022 жылдың мамыр айында жаңа құрылған екі облыс тұрғындарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 3,1 млрд теңге аударымдар мен жарналар түскен.
Республика бойынша мамыр айында түскен жарналар сомасы 247,7 млрд теңгені құрады.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, мамыр айында тұрғындардан 1,7 млрд теңге аударымдар және 1,3 млрд теңге жарналар түскен. Өңірде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың арасында бірыңғай жиынтық төлем арқылы медициналық сақтандырға төлейтіндерден Қорға мамыр айында 17,3 млн теңге түсті.
Ал жарты жыл ішінде Қорға Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындарынан барлығы 13,8 млрд теңге түсті.
МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Мәліметпен бөлісу: