Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы 344 өтініш түсіп, оның 341-і қаралды, 3-і тұтынушы мәселесінің болмауына байланысты қараудан бас тартылды, 14 өтініш бойынша заңнама нормаларына түсініктемелер берілді және заңгерлік көмек көрсетілді, 328 өтініш қанағаттандырылды. Бұл туралы Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Дастан Шалтабаев мәлімдеді.
Өткен жылы департаментке 755 өтініш түскен. Оның ішінде жазбаша – 85, Telegram бот арқылы – 105, азаматтарды қабылдауда – 117, сенім телефонына – 104.
Келіп түскен арыз-шағымдардың жалпы санының 141-і түсіндіріліп, 587-сі қанағаттандырылса, 20-сы қайта бағытталған.
Айта кетейік, 2020 жылмен салыстырғанда салыстырғанда 2021 жылы түскен өтініштердің үш есеге өскені байқалады. 2020 жылы 239 өтініш түскен болатын.
«Тұтынушылардың төрт өтініші бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, бір өтініш жеке тұлғаға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Төрт факті бойынша бұзушылықтар анықталып, бақылау субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір факті бойынша тараптардың татуласуына байланысты қарау тоқтатылды»,-деді Дастан Тұрарбекұлы.
Естеріңізге саламыз, ҚР Президентінің «Тексеруге, профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізу туралы» № 229 Жарлығына сәйкес шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізуге тыйым салынған.
Бүгінде басқарма жанынан қоғамдық бірлестіктер, облыстың қоғамдық кеңесі, облыс кәсіпкерлер палатасы және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен консультативтік-кеңесші орган жұмыс істейді.
Қаперіңізде жүрсін, тұтынушылар қажет болған жағдайда Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 295 үй мекен-жайы бойынша департаментке жазбаша түрде, қолма-қол немесе пошта арқылы жүгіне алады. Сондай-ақ, «Электрондық үкімет порталы» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы, «е-тұтынушы» азаматтарды жеке қабылдауды аптасына екі рет сейсенбі және сәрсенбі күндері өткізіледі немесе жеделхат ботына жазу арқылы және +7(7282)24-03-64 телефонына хабарласуға болады.