Қазақстанда өздігінен жүріп-тұра алмайтын бірінші топ мүгедектігі бар азаматтар мемлекет қаржысы есебінен жеке көмекші қызметін пайдалана алады.
Қызмет ХҚО немесе egov.kz порталы арқылы тегін рәсімделеді.
Қызметті онлайн алу үшін:
1.
Порталға авторизация арқылы кіріңіз де, «Жүріп-тұруы қиын бірінші
топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге
құжаттарды рәсімдеу» қызметін табыңыз;
2. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз және өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз;
3. Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарлама жеке кабинетіңізге келеді.
Қызметті ХҚО-да алу үшін:
1. Өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат;
3. Мүгедектігі бар адамның атынан жүгінсеңіз сенімхат керек.
Екі жағдайда да қызмет көрсету мерзімі — 10 жұмыс күні.