ЖАРҚЫРА, ЖАЙНА ЖАҢА ЖЫЛ — ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ

«Тарас негізгі орта мектебі, мек­тепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Балдырған» шағын орталығында өткен «Қош келдің жаңа жыл!» атты шаралар жиі өтуде. Мерекелік ертеңгіліктің мақсаты — Жаңа жыл мерекесі туралы балалардың танымдық білімдерін кеңейту, мерекелік күй сыйлау. Ән, тақпақтар айту, би билеу, ойын ойнау арқылы балалардың коммуникативтік, шығармашылық дағдыларын да­мытып, сыйластыққа тәрбиелеу. Келіп жеткен жаңа жылдарыңызға байланысты, «Балдырған» шағын орталығының ұжымы барлықтарыңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат тілейді. Келген барыс жылы құтты жыл болсын. Тәрбиеленушілерге тәрбие беру негізінде, олардың тәрбиеші апайлары Қалабаева Асыл Тынысбекқызы мен Жүнісова Шарапат Жұманазарқызы.

А.ҚАЛАБАЕВА,

«Балдырған» шағын орталығының аға тәрбиешісі.

Мәліметпен бөлісу: