ТУҒАН ЕЛІМ, ҚАЗАҚСТАН

Қазақстанымыз азаттыққа, еркіндікке қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекет болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Осы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, барлық жерлерде көптеген іс – шаралар өтті. Сондай іс- шараның бірі – біздің Қуат Терібаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Майланова Әсия Айтбергенқызының «Туған елім, Қазақстан» деген тақырыпта өткізген тәрбие сағаты мазмұны ауқымды, кең мағыналы болды.

Әсия апайдың тәрбиелеп, білім беріп жүрген оқушылары, тәрбие сағаты Әнұранмен бастап, Тәуелсіздікке арналған өлең жолдарымен аяқтады. Әсия Айтбергенқызына мағыналы тәрбие сағаттарыңыз көп болғай демекпін.

Перизат МҰХАМЕТАЛИНА.

Көкөзек ауылы.

Мәліметпен бөлісу: