Өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі

Өмірдің есігін алғаш ашқан жеткіншек ұрпақтың тәрбиесіндегі ең алғашқы тәлім — тәрбие беруші ұстаз, ол әрине ата — анасы, отбасы, десекте мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбие мен білім берудегі — екінші үйлері. Қазіргі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен еліміз дамудың жаңа кезеңі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» кезеңіне де келіп жеттік. Бұл кезең ұлттымыз үшін де, халқымыздың болашағы үшін де басты әрі маңызы зор жауапты кезең. Елбасымыздың игі бастамасын жүзеге асыру барысында Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мектеп директоры Оспанова Күлжан Базарбаевнаның басқаруымен «Балбөбек» шағын орталығының ұжымы мен бүлдіршіндері де атсалысуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мен өз елімнің патриотымын» ашық оқу іс — әрекеті және бұрыштамасы ұйымдастырылды. Алдағы уақытта «Сиқырлы әліппе» латын әліпбиіне көшуге байланысты дөңгелек үстел, «1001 мақал,101жұмбақ» интеллектуалды ойыны, «Бірлігі жарасқан — тәуелсіз Қазақстан» өлең, тақпақ мәнерлеп оқу жарысы, «Отан неден бас-талады?» атты сурет байқауы жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына үгіт — насихат жүргізу іс — шарасында «Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынбекова Күлайхан және «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы, мектеп ұжымы мен оқушылары арасында кездесу өткізді. Кездесу кезінде Ғалиасқар Төлендіұлы өмірлік мәні бар өз басынан өткен қызықты өнегелі әңгімелерімен ой бөлісті. Кездесу өте жоғары деңгейде қызықты өтілді. 10 сынып оқушысы Төлегенов Мақсат ой толғарлықтай сұрақ қойып, қанағаттандырарлық жауап алды. Биылғы 2017 — 2018 оқу жылы барысында шағын орталық бүлдіршіндерімен «Берекелі, алтын күз», «Еліне нұрын шашқан — Нұр атам», «Туған елім — Тәуелсіз Қазақстаным» атты ертеңгіліктер, келген жаңа жылымызға орай «Қош келдің жаңа 2018 жыл» атты мерекелік думандар ұйымдастырылып өткізілді. Ертеңгіліктер мен іс — шаралардың мақсаты: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының басты бағыты — бәсекеге қабілетті, озық ойлы, өз ана тілін құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап айтқандай қазіргі бала тәрбиесіне білім беру саласында ұлттық педагогикалық құндылықтарды сіңіру заман талабы.

Ақсу аудандық тамыз көрмесінде «Білім беру жүйесінің шағын орталықтар жүйесін ғылыми — әдістемелік қамтамасыз ету және дамыту» тақырыбында тәрбиеші Байшалова Рысты Баймұханбет қызының қорғауымен шағын орталық ұжымы жүлделі І — ші орынды иеленді. Шағын орталықта жалпы саны — 13 адам жұмыспен қамтылған. 3 жоғары білімді, 3 арнаулы орта білімді тәрбиешілер қызмет атқарады. Шағын орталықтың аға тәрбиешісі Р.Б.Байшалованың ұйымдастыруымен топ тәрбиешілері А.С.Ермұханбетова мен А.Б.Күлүбекованың жетекшілігімен жас мамандар Дәулетхан. З.Мұратова. А.Ж.Бұғыбаевалар шығармашылықпен жұмыс жүргізіп тәжірибе алып үйренуде. Мектеп психологі Ф.Д.Какимбаев балалардың даму деңгейіне әркез бақылау жасап отырады. Мектеп мейірбикесі Б.Шакенова тәрбиешілермен тығыз қарым — қатынас арқылы күнделікті шағын орталықтың тазалығына, балалардың денсаулығына қадағалау жасайды. «Тәрбие — тал бесіктен басталады» дегендей өскелең жас ұрпаққа тәрбие беруде дұрыс бағыт — бағдар көрсетіп, сана — сезімдеріне ұлттымыздың рухын сіңіріп тәрбиелеуде отбасы мен білім беру ұйымдарының ынтымақтастығының қамалы берік болуы шарт. Сондай ақ шағын орталықта балаларды тәрбиелеу мен дамыту, білімін көтеру мақсатында ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Тәрбиеші Ермуханбетова «Ата — анадан балаға, баладан ата-анаға» атты бейне фильмі жасалынып көрсетілсе, тәрбиеші Кулубекова «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты тренингі ұйымдастырылды. Шағын орталықта өткізілетін әрбір іс — шараларға, ертеңгіліктерге ата — аналар қатыстырылып, тәрбиеші тарапынан берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындайды. Ата — аналар комитетінің төрайымы Капзиева Жадыра барлық ата — аналар атынан сөз сөйлеп «Балбөбектің» ұжымына алғысын айтып. еңбектеріне табыс тіледі. Жас ұрпақты өмір жолына дайындайтын, оларды «Сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуге тәрбиенің барлық түрін ұштастырып білім нәрін себуші — тәрбиеші сөзінің өзін буындасақ — Тәжірибелі, Әдепті, Рухты, Білімді, Инабатты, Еңбекқор, Шығармашыл, Ізденімпаз тәрбиешілеріміздің алдағы уақытта да еліміздің ертеңі өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде атқаратын жұмыстарына шығармашылық табыс, отбастарына амандық тілейік. Өскелең ұрпақ еліміздің ертеңінің жарқын болуына, оларды өз отанына деген сүйіспеншілікке. еңбекқорлыққа, адалдыққа, білімділікке тәрбиелеуде шағын орталықтың тәжірибелі тәрбиешілері мен қызметкерлерінің атқаратын игі істері мен міндеттері халқымызбен ұрпағымыздың алдында Елбасымыздың тапсырмасына үлкен үлестерін қосуда.

 

Сапарғали ТЕМІРБЕКОВ,

аудандық мәслихат депутатының көмекшісі.

Мәліметпен бөлісу: