Жіті жағдайда немесе созылмалы аурулардың өршуі кезінде, егер органдардың кенеттен және айқын бұзылуының белгілері жоқ болса, сіз тіркеу орнына қоңырау шалып, үйге учаскелік дәрігерді немесе жедел шақырудың 4-санаты бойынша жедел жәрдем (үту уақыты 1 сағатқа дейін) шақыруыңызға болады.
Сізге мына жағдайларда учаскелік мейірбике немесе фельдшер келеді:
шақыру сәтінде дене қызуы 38° С болғанда;
артериалдық қысым көтерілгенде;
көмек пен кеңесті үйде беруді керек ететін жай-күй, ауру, жарақат жағдайында.
Сізге мына жағдайларда учаскелік дәрігер келеді:
жұқпалы аурулар белгілері білінгенде;
вакцинациядан кейін жағдай нашарлағанда;
дәрігер тексеруін үйде керек еткен жағдайда.
1406 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, шақыру туралы көбірек біле аласыз.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы