Жүргізуші куәлігін алудың 5 қадамы


Егер сіз жүргізуші куәлігін алғыңыз келсе, емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше қадамдарды білгеніңіз абзал. Қиын ештеңе жоқ. Төмендегі бастапқы жүргізуші куәлігін алу бойынша қадамдық нұсқауларды оқыңыз.
1-қадам
Білім алу үшін жақсы оқу курсын таңдаңыз. Жол қозғалысы ережелерінің теориясын өз бетіңізше де меңгеруге болады. Бірақ көлікті жүргізу сабақтарын міндетті түрде нұсқаушымен өтіңіз.
2-қадам
Құжаттар жинау. Қажетті құжаттар: жеке куәлік, 073 үлгісіндегі меданықтама, автокурсты бітіргені туралы куәлік (болған жағдайда) және мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз туралы түбіртек. Мемлекеттік баждың мөлшері 1,25 АЕК құрайды.
3-қадам
Теориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап берсеңіз, емтиханды сәтті өткеніңіз.
4-қадам
Автодромда практикалық емтихан өту. Мұнда арнайы көлікпен 12 жаттығуды орындауға 20 минут уақыт беріледі.
5-қадам
Дайын құжатты алу. Екі емтиханды да сәтті тапсырсаңыз, сізге жүргізуші куәлігі беріледі.

Мәліметпен бөлісу: