6 — 7 қараша күндері Алматы қаласында еркін күрестен Batyr Wrest клубының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің түкпір — түкпірінен келген бозкілем шеберлері бақ сынасты.
Бұл сайысқа Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан, және Батыс Қазақстан облысынан 715-ден астам үміткер үмітін үкілеп келген. Екі күн бойы 2006 — 2007 жылы туылған жас балуандар боз кілемде белдесті.
Оның қатарына облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Ақсу аудандық филиалының еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы Азамат Төлеуханов пен Алмас Тұрғанбаевтың шәкірттері, «Алакөл ауданының Лепсі ауылындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» жаттықтырушылары Ерлан Болыспаев пен Тойбек Азаматтың шәкірттері үздік өнер көрсетті. Баймұханбет Әділет, Бимолда Өркен, Дәулетқожа Нұрәлі жүлделі 1-орынды иеленді. Ал, Абылғазы Ерғазы, Төкен Ерхат, Алмуса Жарқын, Қалмұхамбет Нұрислам, Болатбек Ерасыл, Нүрғалым Әрсен 2-ші орынды иеленсе, Шаймұрат Ілияс, Қалмұхамбет Дулат, Дәулетқожа Ерасыл, Еркін Ертіс үздік үштікке жайғасты.
Назым НҰРТАЙҚЫЗЫ.