БІЗ БІРГЕМІЗ!

 Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан.

Н.НАЗАРБАЕВ.


Тәуелсіздік бұл дүниедегі тір тіршіліктің сезінетін бақыты. Ал, тәуелді ағзалар сол бостандықты сезіну үшін барлығына барады. Оған мысал, 30 жыл бұрынғы Қазақстанның көрінісі.

Ұлы хандардан мұра болған кең далаға, 1731 жылдың 19 ақпанында Ресей империясының ызғарлы екпіні табан тіреген еді. Тәңірдің сыйы ма жоқ әлде екі ғасыр бойы тепершілік көрген қазағымның еңбегі еленді ме, Тәуелсіздікке 1991 жылы 16 желтоқсанда қолымыз жетті. Әрине қаралы күндерді қайта – қайта еске түсіргіміз келмейді. Бірақ, «Тәуелсіздік» сөзін естіген сайын денем түршігіп, оның қандай жолмен келгені көз алдыма келеді.

Менің ойымша алдыға қойған мүддені орын­дап, мақсатқа нық сеніммен қадам басып, жарқын болашаққа өзіміз үшін әрекет ету керекпіз. Себебі, бүгінгі өскелең ұрпақ, яғни біз – Қазақстанның ертеңгі болашағымыз.

Бойымызда Қайрат, Ләзаттардікіндей қайратты рух, Абайдай ұшқыр сана, Әлия мен Мәншүктер- дей орынды мінез, Алаш зиялыларындай ұлтқа махаббат, адалдық, арғы бабаларымыздай батырлық бәріміздің бойымызда болмаса да, тұла бойымызда ұйықтап жатқан бір күштің бары­на сенемін. Тек сол күшті оята білу керекпіз.

Өз пікірім бойынша қазақ жастары Тәуелсіз елдің қандай болуы керек? Тәуелсіз елдің ұрпағы болғандықтан еркін мемлекетте өз ойымызды ашық айта алатын, өзінің алып – қосары бар, көкірегі ояу, көзі ашық, білімді, бәсекеге қабілетті, ең бірінші өзін емес, ұлт мүддесін қорғайтын азамат, азаматша және де өз еліне адал, сүйіспеншілікті ұрпақпыз. 30 жыл – аз уақыт емес. Құдды бір адамның тағдыры, ғұмыры секілді. Осы уақыт бойы біз қандай жетістіктерге жеттік? 1991 жылы әлсіреген мемлекеттен — дербес мемле­кет құру қолымыздан келді ме? Ата – баба үмітін ақтадық па? Мұның нақты жауабы жоқ. Себебі біз әрқашан дамимыз. Бақытты Қазақстанды құрайтын фактордың бірі – ол біз жас ұрпақ. Сенің бүгін істеген жақсылығың болсын, қателігің бол­сын ертеңгі болашағың. Ертеңгі болашақ бүкіл Қазақстанға әсер етеді.

Екі ғасыр аңсаған Тәуелсіздігімізді ұстап тұру өз қолымызда. Біз қиындықта да, қайғыда да біргеміз.

Аяжан ТІЛЕКТЕС,

Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясының 11-сынып оқушысы.

Мәліметпен бөлісу: