Жамбыл ауданының Ақтерек ауылында бүгінге дейін баспанаға мұқтаж 130 отбасыға үй салып берген кәсіпкер тағы да 10 жанұяны баспаналы етті.
«Ақтерек» шаруа қожалығының директоры Темірлан Шәйнүсіпов құрылысы аяқталып қалған үйлердің үшеуінің кілтін өзі арнайы табыс етті.
Жаңа үйді кәсіпкер жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға арнап салған. Қоныс тойын тойлап отырған Молдашевтар отбасының айтуынша, үй заман талабына сай салынған.
« 5 бөлмелі үй заман талабына сай, ыстық су, суық су кіргізілген. Әжетханасы да үйдің ішінде. Екі баламмен тар үйінде әке-шешемен тұрып жүр едік. Жас отбасы деп жаңа баспана сыйлап отырған қайырымды жанға алғысымыз шексіз» , — дейді Асхат Молдашев.
12 жылдан бері өз ауылдастарына үй салып, туған жерінің көркеюіне үлесін қосып жірген ол осы жылыда 50 орындық «Дария» балабақшасын салып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.