Тақырыбы Жаңа оқу жылы жайлы брифинг

2021 жылдың 23 тамызында  Департамент басшысы С.Қабимолдаева облыстың мемлекеттік мектептеріне кешенді мониторинг жүргізу қорытындысы және жаңа оқу жылына дайындық бойынша брифинг өткізді. Мектептердің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі, оның ішінде медициналық қызмет көрсету, тамақтану объектілерінің болуы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік мектептерді санитариялық-гигиеналық жағдайлармен жарақтандыру, мемлекеттік мектептерде бейнебақылаудың болуы және бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері зерделенді. Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл ең өзекті мәселе болып табылады. Кешенді мониторинг қорытындысы осы бағыттардағы проблемалық мәселелердің бар екенін көрсетеді. Департамент мониторинг нәтижелері туралы жергілікті атқарушы органдарды уақтылы хабардар етеді. 2021 жылғы шілде-тамыз аралығында ЖАО-ға проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдау үшін мектептер бойынша ахуал толық баяндалған 30-ға жуық хат жолданды.

Кешенді мониторинг қорытындысы жергілікті атқарушы органдарға мектеп қызметіндегі басыңқы бағыттар бойынша жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді деп санаймыз.

Сəуле Қабимолдаева,
облыстық білім саласында сапалы қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

Мәліметпен бөлісу: