Өңірде індеттің өсу қарқыны 1,1%-ға дейін артты


Соңғы тәулікте 408 адамнан вирус анықталды. Ауру ең көп таралған аймақ қатарында Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Сарқан, Кеген аудандары мен Текелі қаласы бар.

Бүгінгі күні, 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1875,8 құрады.

КВИ анықталған 408 жағдайдың 357-і симптомдық және 51 симптомсыз болып табылады.

Айта кетейік, облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,9%-дан 1,1%-ға дейін артты.

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияға қарсы екпенің бірінші бөлігін өңірдегі 644 263 мың адам алса, екінші компонентін 510 843 тұрғын қабылдап үлгерді.

Мәліметпен бөлісу: