Алматы облысында 400 адамнан вирус табылды


Алматы облысында 653 211 мың адам екпенің бірінші бөлігін алды. Тарқатар болсақ, мемлекеттік қызметкерлер – 12 212, медицина қызметкерлері – 23 608, педагогтар – 39 115, ТЖМ, Қорғанысмині, ҰҚК, ІІМ, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері – 21 307, созылмалы аурулары бар адамдар – 5676, медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті –1950, студенттер – 12 241, учаскелік полиция қызметкерлері – 783, ұлттық құрама командалардың мүшелері – 29, басқа саладағы 505465 адам вакцина алғандар қатарында. Ал, вакцинаның ІІ компонентін 501 907 адам қабылдады.
Айта кетейік, бір тәулікте 400 тұрғын вирус жұқтырғаны анықталды.
100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1819,3 құрады.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,9% — дан 1,1% — ға дейін артты. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл — 1,3%, Балқаш — 1,8%, Ескелді — 1,3%, Іле — 1,2%, Қаратал — 1,2%, Кербұлақ — 1,2%, Сарқан — 2,1%, Кеген — 1,9% аудандарында және Текелі қаласында — 1,2% байқалады.

Мәліметпен бөлісу: