ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІМ, ҚАЗАҚСТАН ЖҮРЕГІМ


Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қазақ бұл халқымыздың маңдай терімен жеткен жетістіктерінің рәмізі, со¬нымен бірге — жаңа тарихи сын. Осы уақыт ішінде халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсті. Қазақстан әлемде мәртебелі мемлекет ретінде орнықты. Әрине, бұл уақыт ішінде мақтануға тұратын, мемлекеттігімізді нығайтып, бүкіл әлемге паш етуге лайықты талай ауқымды істер жасалды. Дегенмен, Тәуелсіздік осы отыз жылмен шектелмейді. Оған жетудің тарихы, қазағымыздың көрген қасіреті бір жағында тұрса, екінші жағында елдігімізді, егемендігімізді сақтап, оны келешек ұрпақ үшін нығайту ісінің тұрғаны сөзсіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Тәуелсіздіктің қадірі мен құндылығын, оны сақтаудағы бағдар-белестерді айқындап берді. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Б.Сырттанов ауылдық кітапханасында оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен та¬ныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел аза¬маты етіп тәрбиелеу, замана талабына сай, тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан — жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен халықтық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру мақсатында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арнап «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылып, Тәуелсіздік туралы ақпарат беріліп, оқушыларымыз Қалқаман Аяла, Сейдахмет Айтолқын, Каримолда Марал, Еркін Айбол,Сағадат Бералы жыр шумақтарын тарту етті.
…Биыл Қазақ елінің еркіндік алып, өз тәуелсіздігін жариялағанына отыз жыл! Отыз жыл мемлекет үшін көп уақыт емес. Жас Мемлекетіміз шамалы жылдар ішінде Елбасымыздың ерен еңбегінің арқасында сыртқы саясатта сара жол салып, әлемдік беделге ие болды. Алыс-жақын өркениетті елдермен терезе теңестірді. Түркі әлемінің тарихи төркіні, рухани төрі екенін дәлелдеді. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.
Назира АУБАКИРОВА,
Б.Сырттанов ауылдық кітапханасының кітапханашысы,
«Nur Otan» партиясының мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: