Тамыз — ата-аналар үшін қарбалас уақыт

Балаларды мектепке немесе балабақшаға орналастыратын кезең.

Баланы балабақша кезегіне қою қазір өте оңай — құжаттарды бірнеше платформа арқылы онлайн беруге болады, оның ішінде Egov порталы да бар. Сізге бұл үшін интернетке қосылған гаджет те жеткілікті.

Мұны Egov.kz порталы арқылы қалай жасауға болатындығы туралы нұсқаулық:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз, «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» қызметін таңдаңыз
  2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз;
  3. Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-пароль арқылы қол қойыңыз(МАБ-та міндетті түрде тіркелу керек).
  4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы «бөлімінде) өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысыңыз.

Өтінімді толтыру кезінде сіз өзіңіздің (ата-ана немесе баланың заңды өкілі) кім екеніңізді көрсетуіңіз қажет. Бұдан кейін кезек түрін, реттік нөмірін, мектепке дейінгі ұйымға жолдама нөмірін, өз өңірін, ауданын/қаласын, мектепке дейінгі мекеменің түрі мен атауын, оқыту тобы мен тілін көрсете отырып, деректерді толтыру қажет болады.

Өтінімге баланың денсаулық паспортының және баланың денсаулық жағдайы туралы анықтаманың сканерленген көшірмелерін міндетті түрде тіркеңіз.

Қызмет алу тегін. Қызмет көрсету мерзімі — 30 минут.

Мәліметпен бөлісу: