Жетісу жері «ҚЫЗЫЛ» аймақта. Өңірде короновирус індетінің өсу қарқыны 0,7% — дан 0,9% — ға дейін артты. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында байқалады.
2020 жылдың наурызынан бастап барлығы 33 339 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген. Ал, соңғы тәулікте кеселге шалыққандар саны 315-ке жеткен. 41 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталса, 27 оқушы мен 1 студент індеттің ілмегіне ілінгені белгілі болып отыр.
«Бүгінгі күні аймаққа вакцинаның бірінші бөлігінің 634 255 доза келіп түсті. Деректер, I компонентін 561 506 мың адам, екіншісін 406 345 тұрғын қабылдағанын растап отыр. Қазіргі таңда облыста 73 749 вакцииниа дозасы бар»,- дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев.
Айта кетейік, 2 тамыз үні Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты. Онда карантиндік талаптар күшейтіліп, бір қатар шектеу шаралары енгізілді.
Бас құжаттағы негізгі шарттар мынадай:
- Білім беру орталығындағы адам саны 15-тен аспау керек;
- Азық-түліктік емес дүкендер сенбі-жексенбі күндері жұмысын тоқтатады;
- Сұлулық салондары алдын-ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
4.Ашық және жабық базарлар жұмыс күндері 10:00-17:00-ге дейін істейді
(Сенбі-жексенбі күндері жұмысын тоқтатады);
- Қоғамдық тамақтану орындары 50%-ға дейінгі сыймдылықпен 9:0-17:00 аралығында істейді
(Демалыс күндері жеткізу қызметі арқылы жұмыс жасайды); - Медициналық мекемелер алдын-ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді;
- Қоғамдық көліктердің қызметіне сенбі-жексенбі күндері тыйым салынады;
- «Қазпочта» АҚ, Банк, ХҚКО 9:00-18:00 аралығында алдын-ала жазылу бойынша қызмет көрсетеді
(Сенбі-жексенбі жұмыс істемейді);
9.Ұйымдар мен кеңсе қызметкерлерінің 80%-ы қашықтықтан жұмыс жасауы тиіс;
- Кинотеатр, мәдени нысандар, бильярд, боулинг клубтарының жұмысы тоқтатылады.