Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл- әрбір азаматтық міндеті

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Кеңжыра орта мектебінде оқушылар арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында іс — шаралар өтті. Атап айтқанда білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттеріне байланысты:

  • аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың легерде демалу үшін құжаттары;
  • мектеп жанындағы шағын орталыққа балаларды кезекке қою;
  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
  • білім алушылардың жекелеген санаттарына байланыс-ты тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну бойынша жұмыс түрлеріне уақытымен қызмет көрсетілді.

Сондай-ақ, мектепте «Сыбайлас — жемқорлыққа қарсы күрес», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Сыбайлас — жемқорлық деген не?» тақырыбында тәрбие сағаттары,   «Біздер  сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты  сурет көрмесі  ұйымдастырылды, ауыл сақшысымен  кездесу өтті. Тәрбие сағаттарында жемқорлыққа қатысты  термин  сөздерге түсінік берілді.Іс- шараны өткізудегі негізгі мақсаты оқушылармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру. Оқушылардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді. Мектеп ұстаздары әр оқушының  бойына  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруда еңбек етуде.                                                                                                                                            Еліміздің Тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап мемлекет Басшымыз бәрімізде тек бір уайым – қазақстан халқының амандығы және бір мақсат – Отанымыздың гүлденуі екендігін әрқашан  атап көрсетеді.

 

   С. Қуатбекова,

   Кеңжыра орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық                                                              мемлекеттік мекемесінің директоры.

Мәліметпен бөлісу: