Ауданымызда балық шаруашылығы қолға алынып, Құрақсу ауылында «Қаратал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ағымдағы жылы 60 дана балық уылдырығын инкубациялау үшін вэйс колбасын орнатты. 9 млн. шабақ инкубациялық цехтың тоғандарына жіберілді. 42 млн. теңгеге инвестиция құйылды.
«Қаратал» жауапкершілік шектеулі серіктестігі арқылы тәулігіне 1 тонна қуаттылығымен 12 жұмыс орнын құрумен 70 млн. теңгеге филе цехы, артемия-салинді терең өңдеу цехы (ракообразные, артемия салина ғылым, экономика және фармацевтика саласы үшін үлкен маңызға ие.) қуаттылығы тәулігіне 500 кг өнім, 50 млн. теңгеге, 10 жұмыс орнын құрып, ашылуы жоспарлануда. Болашақта өнімдер экспортқа шығарылатын болады.