Жер толығымен игеріледі

Ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі 726 мың 107 гектар, оның ішінде: 26 мың 875 гектар суармалы егістік, 39 мың 381 гектар тәлім егістік, 22 мың 512 гектар шабындық, 620 мың 287 гектар жайылым, 15 мың 465 гектар тыңайма, басқа жерлер 1 мың 587 гектар.


2019 жылы аудан әкімінің қорытынды есебінде аудан тұрғындарының өтінішіне сәйкес, 2020 жылы конкурсқа шыққан тәлім жерлер 5 гектардан бөлініп жергілікті тұрғындардың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында конкурстар өткізу тапсырылған болатын. Өткен жылдың сәуір айында Қапал ауылдық округіне қарасты жер учаскелеріне конкурс өткізіліп, 931,34 гектар жер ауыл тұрғындарына таратылып берілді. Қараша айында Б.Сырттанов ауылдық округіне қарасты 26 жер учаскелеріне конкурс өткізіліп, жалпы алаңы 211,5 гектарды құрайтын жер участкелерінің басым бөлігі ауыл тұрғындарының пайдасына пайдалануға берілді.
2021 жылдың 1 ақпан айында Қарашілік ауылдық округіне қарасты суармалы егістік 30 участкесіне конкурс ойнатылған. Жалпы 2021 жылы ауыл шаруашылық жерлеріне 5 ауылдық округке, атап айтқанда Есеболатов ауылдық округіне қарасты 29 участкесіне, Қарасу ауылдық округіне қарасты 60 участкесіне, Суықсай ауылдық округіне қарасты 30 участкесіне Қызылағаш ауылдық округіне қарасты 217 участкесіне және Көшкентал ауылдық округіне қарасты 60 участкесіне конкурс рәсімдерін өткізуі жоспарлануда. Және ағымды жылы аудандағы бос жерлердің жерге орналастыру жобалары жоспардан тыс ертерек дайын болған жағдайда, қосымша жер учаскелеріне конкурс өткізілетін болады.
Сонымен қатар пайдаланылмаған 5200 гектар жер учаскелері арнайы жер қорына қайтарылған. (129 га. суармалы егістік, 166 га. тәлім егістік, 80 га. шабындық және 4825 га. жайылым алқаптар).
Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін, халықтың жайылым алқаптарға деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатында 8 шаруа қожалығының 2224 гектар жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Биылда пайдаланбай жатқан жер телімдерін арнайы жер қорына қайтару жұмыстары қатан түрде бақыланып жалғасын табады.

Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Мәліметпен бөлісу: