Мүгедектігі бар азаматтардың санаторлық-курорттық емі

Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтінішті ХҚО-арқылы да рәсімдеуге болатынын білесіз бе? Ендеше #oqy&toqy айдарына назар салыңыз.
📌Ең алдымен ХҚО-ның жеңілдік терезесіне кезекті алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;
📌Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
📌ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз:
📎Жеке куәлік;
📎Егер заңды өкілі жүгінген болса, мүгедектігі бар азаматтан сенімхат (нотариалды растау қажет емес);
📍Мүгедек азамат жайлы қажетті ақпараттарды ХҚО-операторы ақпараттық жүйеден бірден енгізеді. ☝️Егер ақпараттық жүйеде мәлімет толық болмаған жағдайда келесі мәліметтерді қосымша талап етеді:
📎Мүгедектігіне байланысты құжаттар;
📎Жеке оңалту бағдарламасы әзірленген іс-шаралар туралы жазба көшірмесі;
⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда — 10 жұмыс күні.
❗️Есіңізде болсын!
Мүгедек азаматқа санаторлық-курорттық емдеу медициналық ұйымның шешімімен тағайындалады.
Дендеріңіз сау болсын!

Мәліметпен бөлісу: