Аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалының төрағасы Базарханов Есім Сейілханұлының құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді, еліміздегі ерекше мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айырықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, Мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды жеңіп, елімізді экономикалық дамытудың келешектегі стратегиясын дайындап, қиын реформаларды іске асыра алды. Бүгінде бұл стратегияны бүкіл әлем жаңғыртудың қазақстандық үлгісі, дамудың қазақстандық жолы ретінде танып отыр.
Біздің еліміздің Президенті тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстары, әлемдік масштабтағы сарабдал саясаткер ретінде, өзінің халқына және Отанына барлық өмірін арнаған адам ретінде тарихта қалатын болады.
Осы жылдар ішінде Қазақстан өзінің әлеуметтік — экономикалық және саяси дамуында әлемдік бағытта келе жатыр. Қоғамдық сая- си өмірдегі біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз мемлекетімізді әлемдік қауымдастықтың мойындауына мүмкіндік туғызып, өзінің лайықты орнын алды.
Еліміздің осындай ерен табыс- тарына қуана отырып, біздер тәуелсіздік жылдары Қазақстанның қол жеткізген жеңістері Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен атқарылғанын сезінеміз.
Біздің ауданымыздың тұрғын- дары да басқа қазақстандықтар тәрізді елімізде осындай Президент бар екенін, ол өзінің ашықтығымен, шыншылдығымен, халық алдын- дағы және тарих алдындағы жоғары жауапкершілігімен ерекше- ленетіндігін мақтаныш тұтады.
Қымбатты жерлестер!
1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан халқы өзінің кемеңгер таңдауын жасады, уақыт бұл таңдаудың дұрыстығын көрсетті. Бүгінде біздер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей басшылығымен Қазақстан экономикалық гүлденген, демократиялық және әлеуметтік мемлекет болып қалыптасты,-деп толық сеніммен айта аламыз.
Сіздерді Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық баста- малардың бастаушысы, отандас- тарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы.
Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ — дәулет тілеймін!
***
Құрметті жерлестер! Сіздерді 1 желтоқсан — Елбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы — татулығымыздың, береке- бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы — жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Біздің Тәуелсіз мемлекетімізді халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерген — Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Жерінің тұтастығын сақтай отырып, ел тыныштығы мен ауыз біршілікті, татулық пен достықты ту етіп көтеріп, жасампаз Қазақстан құрды. Өзіне сенім артқан жұртын ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеп, әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Президентіміздің орны ерекше. Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, жақсылық пен қажымас қайрат тілеймін! Туған Қазақстанымызда бейбітшілік пен амандық болсын! Қазақстанның жұлдызы жарқырап, елімізде дәулетті де баянды өмір орнасын! Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын!
Бейбіт Жаңылысұлы СҮЛЕЙМЕНОВ,
аудандық мәслихат хатшысы.