Абайға дұшпандары да бас иген

– Әр дәуірде өмір сүрген ғұламалардың етегінен тартып, аяғынан шалар дұшпандары болған ғой. Ұлы ақынның аяғынан шалғандар да болған шығар?

– Біз өмірде көп нәрсені біле бермейміз. Сондықтан тарихи деректерге сүйенеміз. Сол деректердің бірінде былай дейді: – Абай заманында еліміздің батысында билеушілер – сұлтандар болыпты. Орта жүзді аға сұлтандар билеген. Ол кезде Оңтүстік Қазақстан жері Қоқан хандығына қарады. Олар елді датқалар арқылы биледі. Патша әскері Қоқан, Хиуа, Бұхараны жау- лап алды. Сол кезде өмір сүрген Байзақ датқаны Қоқан хандығына ұстап беріп аттырған Батырбек датқа деп елге та- ратып жіберген. Ал, оны істеген генерал Михаил Черняев екен. Черняевтің министрге жазған хатында былай депті: «Бұл жерді билейтін төрт датқа бар. Ішіндегі ең мықтысы, айлакер, діншілі Батырбек датқа. Еш ұстатпайды. Қақандықтарды ай- дап салуға тырысып ем, нәтиже шықпады. Содан тек Байзақ датқаны «сен біздің елшіміз боласың» деп алдап, Батырбекке жұмсадым. Байзақ датқа «мені өлтіріп тастайды ғой» деп айтты. Мен оның жанына офицерлер қосып беретінімді айтып сендірдім. Сөйтіп, Қоқанға жұмсап, Байзақ датқаны өлтірткіздім. Осылайша Батырбек датқа Байзақты алдап, Қоқан зеңбірегінің ішіне салдырып атып жіберіпті деген қауесет таратып жібердім. Халықтың Ба- тырбек датқаға деген сенімі жоғалды» деп айтады. Ел осы сөзге сеніп келген. Алайда тарихи дерек мүлде басқаша сөйлейді. Яғни, Батырбек датқа халқын сүйген жан болған. Біздің халқымыз бір – біріне қатты сенген. Ал, халықтың сенімінен айырылу – бұл өліммен тең жағдай. Ал, осы Батырбек датқаға жолыққан Шоқан Уалиханов өзінің бұрынғы ойынан айнып, Абай сияқты бар қызметін тастап, арыз жазып, отставкаға кетіп қалады. Өйткені, оған Батырбек датқа кімнің қол астында қызмет істеп жүргенін жете түсіндірген…

Міне, осы оқиғадағы дұшпандық әрекеттер Абай өмірінде де көп кездесті. Оның да дұшпандары, жаулары аз болмаған. Әрине олар да түрлі әрекеттерге надандықтан барған шығар бәлкім. Кім біледі уақыт өте оның дұшпандарына деген басқаша көзқараста қалыптасар. Оны тарихшыларға қалдырайық. Өйткені өмір бойы қысым көрсетіп өткен Шорманның Мұстафасы қайтыс болды дегенді естіген Жаяу Мұса ауыр күрсініп, «Алысуға да, арпалысуға да тұратын аузы алты қарыс ер еді. Алыссаң сондаймен алыс, өзіңнің де шамаң байқалады» деген екен. Абаймен де дұшпандары арпалысқан. Соның бірі Оразбай бастаған топ өзін сабап кеткенде орыс офицері мылтық атып, арашалап алғандығы туралы айтылады. Яғни, қазақтың Абайдай данасымен арпалысқан Оразбайлар да тегін адам емес қой. Ұлы ақынның ажалы тақаған тұста Оразбай Абайдың алдынан өтіп, кешірім өтінген. Сол Оразбайдың жалшысы «Абай өлді» деп сүйінші сұрай жеткенде оны қамшының астына алып дүрелеп тұрып сабап, қайран Абай деп жылаған да осы Оразбай еді.

Мәліметпен бөлісу: