Ақсу ауданы 2018 жылды тағы бір қуанышты жаңалықпен бастады. Ол «Альфа Банк» филиалының Ақсу аудандық пошта мекемесінде тұрғындарға арзан пайызда қызмет көрсете бастауы. Жаңа жыл мерекесіне орай банктің Алматы облысы бойынша өкілдері арнайы келіп, осы пош-тадан зейнетақы алатын аға буын өкілдеріне арнайы дастархан жайды. Қасиетті жұма күніне орайлас келген басқосуда бөлімше қызметкерлері ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың батасын алып, құран оқытты.
Аталмыш банктің ерекшелігі зейнеткерлерге 300 000, жұмыс орны бар адамдарға 3 000 000 теңгеге дейін пошта залының үшінші кассасында аз пайызда несие береді. Қызметкерлеріміздің елгезектігі, тиянақтылығы клиентеріміздің, тұтынушыларымыздың көңілінен шығуда.
Сұлтан МАСИМХАНОВ,
«Альфа – Банктің» Алматы облысы бойынша өкілі.