Бүгін аудан әкімі Есім Сейілханұлы Базархановтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын талқылау мақсатында аудан активі өтті.
Актив жиналысына аудандық басқарма, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық кеңес, саяси ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жолдауда мемлекет басшысы нақты бағдарламалар мен бастамаларды көтеріп, қоғамның дамуы үшін алдағы кезеңде атқарылуы тиіс нақты жұмыстарды айқындап берді. Жиында аудан әкімі Есім Сейілханұлы Жолдаудың әрбір тарауына тоқтала келе көтерілген мәселелер бойынша тиісті басшыларға тапсырмалар берді. Сонымен қоса аудан басшысы тиісті жұмыстарды жалғастырып, Президентіміздің тапсырмаларын жүзеге асыру барлығымызға ортақ міндет екенін толық ұғынуымыз керек екенін атап көрсетті.
М.ШЫНДӘУЛЕТ, баспасөз хатшысы