Достар, біз, әдеттегідей, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу жолдарымен бөлісуді жалғастырамыз. Бүгін #oqy&toqy айдарында Баланы асырап алғандар үшін тиісті куәлікті қайталап алуға қалай өтініш беру керектігін айтамыз!
Ол үшін:
- Egov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтіңіз
- Азаматтарға тарауынан «Отбасы» бөлімін таңдаңыз
- «Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін тауып, онлайн сұрау салыңыз
- Әрі қарай асыраушы туралы мәліметтерді толтырып, төлем жүргізіңіз (қызмет құны – 1 АЕК)
Дайын құжат электронды форматта 1 жұмыс күні ішінде дайын болуы тиіс!