Бір кездесуде екі мәселе

Қыркүйек айының басында «Өмір нұры» ақпараттық қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындау бойынша ауыл тұрғындарымен кездесулері өтті.

Ақсу, Қаракөз, Жаңалық, Ойтоған және Б.Сырттанов ауылдық округтерінде өткен шараның күн тәртібінде бір емес екі мәселе бірақ қаралды. Бірінші мәселе «Елбасы Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіру жөнінде болса, екіншісі  «Жемқорлық пен құқық бұзушылыққа қарсы іс қимыл стратегиясы мен тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың негізгі бағыттарын түсіндіру жөнінде болды.

Бірлестік жетекшісі Сымханов Ербол Әбдікәрімұлы бірінші мәселе бойыншаөз сөзінде Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы халқымызға арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы жастарды жігерлендіріп тастады.

Жолдауда нақты жүзеге асыру керек негізгі мәселелер мен міндеттің әр қайсысы жастарға тікелей байланысты. Себебі болашағынан зор үміт күттіретін білімді ұрпаққа, әрқашан өз сенімін білдіретін тұңғыш Президентіміз осы Жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастырып, 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын — ерекше атап өтті.

Иә, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы Жолдауы — егемен еліміздің

тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін,

халқымыздың игілігін көздейтін тарихи құжат болып табылады.

Тәуелсіз Отанымыздың тұғырын биіктетуге, мемлекетіміздің әлеуметтік және экономикалық дамуын ілгерілетуге негіз қалайтыны анық – деп Еліміздің Тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына кеңінен тоқталды.

Екінші мәселе бойынша Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлде төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру жөніндегі мәселені Президент 2014 жылдың 26 желтоқсанында  бекіткен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында» көтерді. Стратегияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез — келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс екенін айтып, осы кеселмен ел болып, қоғам болып күресу керектігін айтып өтті.

Ауылдық округ әкімдері әкімдікте «Сыбайлас жемқорлықка жол жоқ» деген осы бір қоғам дерттің алдын алуға байланысты стендтер мен сенім телефоны орналастырылғанын айтып, осы салада арнайы мамандар жұмыс жасайтынын жеткізді. Округ бойынша мұндай қылмыс түрі тіркелмегенін, алдағы уақытта да оған жол берілмейтіндігі туралы айтты.

Ауыл тұрғындары Елбасы Жолдауы болашаққа бастар бағыт екендігін айтып, ауыл болып Жолдауды қолдайтындықтарын жеткізді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қатысушылар сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар қайтарылды.

Кенжебек Әкімбек.

Мәліметпен бөлісу: