Өркениеттің алтын көпірі

Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы — бүкіл халықтың таңдауының жарқын нәтижесі. Латын әліпбиі – Ұлы дала елін әлемдік өркениетпен қабыстыратын алтын көпір. Өйткені латын әліпбиіне көшу Тәуелсіз Қазақстанның рухани жаңғыру жолындағы тағы да бір айқын қадамдарының бірі болмақ. Әлемнің өркениетті елдер қатарынан қалмау үшін латын әліпбиінің атқаратын міндеті көп.

Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Жер бетінде ла­тын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер латын әліпбиімен байланысты екенін білеміз.

Қазіргі таңда аудан, қалаларда дүкендердің, ауылдардың т.б. ғимараттардың атауы латын әліпбиіне ауысып, қарапайым халықтың көзі үйреніп қалды.

Бұл өзгеріс халық үшін жаңалық болмайтыны сөзсіз.

Р.МҰРАТОВА,

Сағабүйен ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: